Ózge сөзі — "өзгеше" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз біздің брендтің ерекше стилін, киім үлгілерін және көзқарастарын айқындайды. Брендіміз қазақи нақыштағы суреттермен безендірілген сапалы киімдерді ұсынады. Сіздерге оверсайз стильдегі, заманауи әрі дәстүрмен үйлескен киімдер ұсынамыз.
Иә, ескі дроптар инстаграм парақшасында сақталады. Сол жерден ұнаған өнімді таңдап, ватсап арқылы тапсырыс бере аласыз.
Иә, ТМД елдеріне жеткізу қарастырылған. Жеткізу құны елге байланысты өзгереді және қымбатырақ болуы мүмкін.
Қазақстан ішінде жеткізу құны 1500 теңге, жеткізу уақыты 3-8 күн. Егер тапсырыс жеке тігілетін немесе лимиттелген өнімге қатысты болса, жеткізу мерзімін менеджер нақтылайды.
Өкінішке орай, бөліп төлеу қарастырылмаған.
Жоқ, біздің киімдер сапалы материалдан жасалған және принт ерекше технологиямен басылған. Жуу кезінде принттің түсі немесе сапасы өзгермейді.
Жоқ, біздің барлық киімдер унисекс болып табылады.
Иә, өзіңіз қалаған принтке тапсырыс бере аласыз. Бағасы таңдаған дизайныңызға байланысты анықталады. Толық ақпаратты менеджер береді.
Иә, біздің дизайнер сіздің қалауыңызға сәйкес дизайн жасап бере алады. Сонымен қатар, біздің бренд жоғары сападағы dtf стикерлер мен киімдерді арзан бағамен ұсынады (көтерме тапсырыстар қабылданады). Байланыс: WhatsApp 8 747 170 69 69.
Өкінішке орай, жоқ. Тапсырыс тек толық төлем алынғаннан кейін өңделеді және сіздің мәліметтеріңіз базаға енгізіледі.
2022 жылы 17 Қараша күні біздің бренд ашылды. Және сонымен бірге бұл күн біздің алғашқы дроп "DROP 1.0" шыққан күн. Брендті ашу мақсатымыз: қазақи нақышты, тарихты және дәстүрді насихаттау. Және қазақи үлгілерді сәнді ету. Біздің алғашқы дроп өте тез сатыла бастады. Және біз бұл жоба барлығына ұнағанын және сұранысқа ие болатынын түсіндік. 2023 жылы 30 маусымда бізде екінші дроп "OPERATION 0.2" шықты. Біз алғашқы дропқа қарағанда бұл дропта киімдердің сапасын жақсарттық, және жоғары сападағы принттарды қолдана бастадық. Біздің брендтің жаңа қаптамасы осы дропта шықты. Және алғашқы стикерпак шықты, әр сатып алушыға стикерпак тегін беріле бастады. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасуда. Бұл дроп жаңа тыныс десекте болады. Жәнеде қазақи нақышта жаңа принттар шықты. 2024 жылы 1 Қаңтар "DROP 3.0" шықты. 2024 жылы 10 мамырда бізде DROP 4.0 "Infinity"шығарылды. Бұл тамшы тауарлардың сапасын жақсартып, жаңа түстер мен коллекцияларды қосты.Біз әр дроп сайын өнімдердің сапасын жақсартуға бар күшімізді қосамыз. Және бұл дропты шығаруға өте ұзақ уақыт кетті десекте болады. Себебі бұл дропта басқала дроптардан қарағанда, алғашқы ең көп принт бар дроп болды. Бұл дропта жаңа стикерпак жәнеде жаңа киімдер шықты. Сонымен қатар лимитный киімдер шығарыла бастады. Біздің отандық өнімді қолдаған барлық жандарға алғысымыз шексіз. Біз сіздерді құрметтейміз және бағалаймыз!